Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
salus.law kz
+7 727 352 80 83
+7 727 352 80 83
E-mail
info@salus.law
Мекен-жайымыз
050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к-сі 276 В
Жұмыс уақыты
Дүй. - Жұма.: 9: 00-дан 18:00-ға дейін
Өтініш беру
Біз туралы
  • Біздің клиенттер
  • Рейтингтер
Біздің команда
Қызметтер
  • Практикалар
  • Өнеркәсіп (саланың экономикасы)
    • Өнеркәсіп және сауда
    • Фармацевтика және денсаулық сақтау
    • Жер қойнауын пайдалану
    • Мұнай және Газ
    • Банктер және қаржы
    • Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым
    • Авиация
    • Ауыл шаруашылығы
    • Диджитал
  • Практикалар (Құқық салалары)
    • Корпоративтік құқық және М&A
    • Еңбек құқығы
    • Жер қойнауын пайдалану
    • Дауларды шешу және арбитраж
    • Келісімшарттық құқық
    • АХҚО құқығы
    • Цифрлық құқық
    • Инвестициялар
    • Деректерді қорғау
    • Құрылыс және инфрақұрылым
    • Шетелдік юрисдикцияларға жәрдемдесу
    • Салық құқығы
    • Жеке клиенттеріміз
Salus Academy
Жаңалықтар
Мансап
Байланыс
salus.law kz
БІЗ ТУРАЛЫ
  • Біздің клиенттер
  • Рейтингтер
БІЗДІҢ КОМАНДА
ӨНЕРКӘСІП
  • Практикалар
  • Өнеркәсіп (саланың экономикасы)
    • Өнеркәсіп және сауда
    • Фармацевтика және денсаулық сақтау
    • Жер қойнауын пайдалану
    • Мұнай және Газ
    • Банктер және қаржы
    • Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым
    • Авиация
    • Ауыл шаруашылығы
    • Диджитал
  • Практикалар (Құқық салалары)
    • Корпоративтік құқық және М&A
    • Еңбек құқығы
    • Жер қойнауын пайдалану
    • Дауларды шешу және арбитраж
    • Келісімшарттық құқық
    • АХҚО құқығы
    • Цифрлық құқық
    • Инвестициялар
    • Деректерді қорғау
    • Құрылыс және инфрақұрылым
    • Шетелдік юрисдикцияларға жәрдемдесу
    • Салық құқығы
    • Жеке клиенттеріміз
ПРАКТИКАЛАР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МАНСАП
БАЙЛАНЫС
    Қаз
    Eng Қаз 中文 Рус
    +7 727 352 80 83
    E-mail
    info@salus.law
    Мекен-жайымыз
    050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к-сі 276 В
    Жұмыс уақыты
    Дүй. - Жұма.: 9: 00-дан 18:00-ға дейін
    salus.law kz
    БІЗ ТУРАЛЫ
    • Біздің клиенттер
    • Рейтингтер
    БІЗДІҢ КОМАНДА
    ӨНЕРКӘСІП
    • Практикалар
    • Өнеркәсіп (саланың экономикасы)
      • Өнеркәсіп және сауда
      • Фармацевтика және денсаулық сақтау
      • Жер қойнауын пайдалану
      • Мұнай және Газ
      • Банктер және қаржы
      • Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым
      • Авиация
      • Ауыл шаруашылығы
      • Диджитал
    • Практикалар (Құқық салалары)
      • Корпоративтік құқық және М&A
      • Еңбек құқығы
      • Жер қойнауын пайдалану
      • Дауларды шешу және арбитраж
      • Келісімшарттық құқық
      • АХҚО құқығы
      • Цифрлық құқық
      • Инвестициялар
      • Деректерді қорғау
      • Құрылыс және инфрақұрылым
      • Шетелдік юрисдикцияларға жәрдемдесу
      • Салық құқығы
      • Жеке клиенттеріміз
    ПРАКТИКАЛАР
    ЖАҢАЛЫҚТАР
    МАНСАП
    БАЙЛАНЫС
      +7 727 352 80 83
      E-mail
      info@salus.law
      Мекен-жайымыз
      050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к-сі 276 В
      Жұмыс уақыты
      Дүй. - Жұма.: 9: 00-дан 18:00-ға дейін
      Өтініш беру
      salus.law kz
      Телефоны
      +7 727 352 80 83
      Сарапшымен байланысу
      E-mail
      info@salus.law
      Мекен-жайымыз
      050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к-сі 276 В
      Жұмыс уақыты
      Дүй. - Жұма.: 9: 00-дан 18:00-ға дейін
      salus.law kz
      Қаз
      Eng 中文 Рус
      • БІЗ ТУРАЛЫ
        • БІЗ ТУРАЛЫ
        • Біздің клиенттер
        • Рейтингтер
      • БІЗДІҢ КОМАНДА
      • ӨНЕРКӘСІП
        • ӨНЕРКӘСІП
        • Практикалар
        • Өнеркәсіп (саланың экономикасы)
          • Өнеркәсіп (саланың экономикасы)
          • Өнеркәсіп және сауда
          • Фармацевтика және денсаулық сақтау
          • Жер қойнауын пайдалану
          • Мұнай және Газ
          • Банктер және қаржы
          • Жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым
          • Авиация
          • Ауыл шаруашылығы
          • Диджитал
        • Практикалар (Құқық салалары)
          • Практикалар (Құқық салалары)
          • Корпоративтік құқық және М&A
          • Еңбек құқығы
          • Жер қойнауын пайдалану
          • Дауларды шешу және арбитраж
          • Келісімшарттық құқық
          • АХҚО құқығы
          • Цифрлық құқық
          • Инвестициялар
          • Деректерді қорғау
          • Құрылыс және инфрақұрылым
          • Шетелдік юрисдикцияларға жәрдемдесу
          • Салық құқығы
          • Жеке клиенттеріміз
      • ПРАКТИКАЛАР
      • ЖАҢАЛЫҚТАР
      • МАНСАП
      • БАЙЛАНЫС
      Өтініш беру
      • +7 727 352 80 83
        • Телефоны
        • +7 727 352 80 83
        • Сарапшымен байланысу
      • 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к-сі 276 В
      • info@salus.law
      • Дүй. - Жұма.: 9: 00-дан 18:00-ға дейін

      Жер қойнауы туралы кодекске түзетулер: жер қойнауын пайдаланушылардың цифрландыруды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелері

      Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын және жер қойнауын пайдалану саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысын талдау

      Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын және жер қойнауын пайдалану саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысын талдау

      Цифрлық технологиялар жер қойнауын пайдалануда қосалқы құрал болудан қалып, өндірудің өзіндік құнын, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және минералдық-шикізат секторының бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын факторға айналды.

      Мемлекет бұған заңнаманы дәйекті түрде бейімдеу арқылы жауап беруде: жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері цифрландыру саласындағы міндеттемелермен толықтырылды, ал Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің қабылдануы цифрлық реттеудің бірыңғай ұғымдық негізін қалыптастырды.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне жер қойнауын пайдалану саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бастамашылық етіліп, қаралуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі оған қатысты қорытындысын ұсынды: заң жобасы тұжырымдамалық тұрғыдан қолдау тапты, түзетулердің бір бөлігі толық, бір бөлігі ескертулермен қолдау тапты, ал жекелеген тұжырымдарды өзге редакцияда баяндау ұсынылды.

      Сырттай қарағанда заң жобасы заңдық-техникалық нақтылаулар жиынтығы сияқты көрінеді. Салыстырмалы кестедегі жиырма үш позицияның басым бөлігінде «ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар» деген сөздер (бұдан әрі — «ҒЗТКЖ») «және (немесе) цифрландыру жобалары» деген сөздермен толықтырылады.

      Мәні бойынша, жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық міндеттемелеріне тікелей әсер ететін екі дербес реформа туралы сөз болып отыр: цифрландыруды қаржыландыру міндеттемесін тау-кен металлургия секторына (бұдан әрі — «ТМК») тарату және осы міндеттемені орындауды жаңа тетікке көшіру, оған сәйкес қаражат жер қойнауын пайдаланушының жобаларына емес, «Астана Хаб» дербес кластерлік қорына (бұдан әрі — «Қор») түседі.

      1. Заң жобасына не себеп болды?

      Негізгі түзетудің негіздемесінде әзірлеушілер 2025 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің төрағалығымен өткен кеңеске тікелей сілтеме жасайды. Оның қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің (бұдан әрі — «Жер қойнауы туралы кодекс») 212-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына цифрландыру саласындағы жобаларды қаржыландыру бөлігінде түзетулер енгізуді бастамашылық ету тапсырылған.

      Жер қойнауы туралы кодекстің қолданыстағы редакциясы цифрландыруды бірізді реттемейді. Көмірсутектер мен уран өндіру кезіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелеріне арналған Кодекстің 129 және 178-баптарында цифрландыру жобаларын қаржыландыру қазірдің өзінде тікелей көрсетілген және бұл баптардың атауларында да көрініс тапқан. Ал Кодекстің 212-бабы «Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жер қойнауын пайдаланушының оқыту және ғылым саласындағы міндеттемелері» деп аталады және цифрландыруды қамтымайды.

      Осы асимметрияның салдарынан тау-кен металлургия кешені заңда көзделген бір пайызды цифрлық шешімдерге формалды түрде бағыттай алмады.

      2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіліп, «цифрландыру», «цифрлық технологиялар» және «цифрландыру саласындағы уәкілетті орган» ұғымдарын бекітті. Ал Жер қойнауы туралы кодекс әлі де «ақпараттандыру», «ақпараттандыру объектісі» және «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган» ұғымдарын қолданады. Үкімет Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша осы ұғымдарды толық ауыстыруды ұсынады.

      2. ТМК цифрландыру жөніндегі міндеттеме алады

      Заң жобасының орталық түзетуі Жер қойнауы туралы кодекстің 212-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына қатысты.

      Қолданыстағы редакцияда қатты пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушы өндіруге арналған лицензияның екінші жылынан бастап жыл сайын алдыңғы жылы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға міндетті. Мұндай қаржыландыру тәртібін құзыретті орган ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.

      Ұсынылып отырған редакция бір мезгілде үш өзгеріс енгізеді:

      • біріншіден, ҒЗТКЖ-мен қатар дербес қаржыландыру объектісі — қатты пайдалы қазбалар саласындағы цифрландыру жобалары пайда болады;
      • екіншіден, цифрлық жобаларды қаржыландыру тәртібін қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын болады, яғни бір органның орнына екі ведомство қатысады, ал тәртіпті айқындау өкілеттігі құзыретті органнан салалық уәкілетті органға өтеді;
      • үшіншіден, есептеу базасының тұжырымы өзгереді: «жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге жұмсаған шығыстарының бір пайызы» дегеннің орнына «алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша ҚПҚ өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы көтерген өндіру шығындарының бір пайызы» ұсынылады.

      Бұл өзгеріс Кодекстің 129 және 178-баптарындағы тұжырымдарды теңестіру ретінде ұсынылғанымен, көріп отырғанымыздай, ол таза редакциялық сипатта емес. Шығындарды «өндіру кезеңінде» жұмсалған шығындарға байланыстыру осы кезеңнен тыс жұмсалған шығындардың тағдыры және барлау мен өндіру кезеңдері қабаттасатын немесе нақты ажыратылмаған жер қойнауын пайдаланушылар үшін есептеудің дұрыстығы туралы мәселе туындатады.

      Ірі жер қойнауын пайдаланушылар үшін мәселе елеулі сомалармен өлшенеді, сондықтан заңға тәуелді қағидалар қабылданғанға дейін бірмәнді түсінік жоқ.

      Түзету жеке дара қолданылмайды. Оны Жер қойнауы туралы кодекстің 208-бабына енгізілетін өзгерістер толықтырады, оларға сәйкес цифрландыру жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттеменің мөлшері ҚПҚ өндіру лицензиясында тікелей көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ Кодекстің 244 және 246-баптарына енгізілетін түзетулер цифрландыруға ҚПҚ өңдеу туралы келісімдер режимін таратады. Үкімет осы үш түзетуді толық қолдады.

      3. Қорға аударымдар

      Ең елеулі өзгеріс Кодекстің 129, 178 және 212-баптарында қайталанады: цифрландыру жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау ақша қаражатын Қорға аудару арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор аталған қаржыландыру сомасының үш пайызынан аспайтын бөлігін өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығыстарды жабуға пайдалануға құқылы.

      Ұсынылып отырған құрылымда бұл міндеттеме нақты даму институтының пайдасына мақсатты аударым сипатына ие болады.

      Үкімет бұл тетікті қолдады, бірақ елеулі олқылыққа назар аударды: Қорда осындай аударымдар есебінен мүлік қалыптастыруға заңды негіз жоқ. Оны жою үшін Қазақстан Республикасының «Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағын жаңа 4-3) тармақшамен толықтырып, жер қойнауын пайдаланушылардың цифрландыру жобаларын қаржыландыруға арналған аударымдарының бір бөлігін Қор мүлкін қалыптастыру көздеріне тікелей жатқызу ұсынылды.

      Жер қойнауы туралы кодекстің 1-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Кодекске өзгерістер мен толықтырулар өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен енгізіледі, Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда. Қаралып отырған заң жобасын депутаттар бастамашылық еткен.

      Демек, «Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» Заңға түзетуді осы заңның аясында енгізу мүмкін емес және ол жеке заңнамалық шешімді талап етеді. Практикалық тәуекел — үйлеспеушілікте: Кодекстегі аударымдар тетігі Қор тиісті қаражатты қабылдауға заңды негіз алғанға дейін күшіне енуі мүмкін.

      4. Оқытуға арналған пайыз жаңа мақсатты бағыт алады

      Сонымен қатар заң жобасы қазақстандық кадрларды оқытуға байланысты басқа міндеттемені пайдалану аясын кеңейтеді — Жер қойнауы туралы кодекстің 129, 178 және 212-баптарының 1-тармағы 1) тармақшасы.

      Депутаттық редакцияда жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды Қордың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалары бойынша оқытуды қаржыландыру мүмкіндігі көзделді.

      Сондай-ақ әлеуметтік осал азаматтардың жеті санатынан тұратын жабық тізім белгіленді: мүгедектігі бар адамдар, ата-аналары мүгедек отбасылардағы балалар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар, жетім балалар, көпбалалы және толық емес отбасылар.

      Үкімет бұл түзетуді тек ішінара қолдап, санаттар тізімін алып тастауды ұсынды. Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын азаматтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды Қордың цифрлық технологиялар саласындағы жобалары бойынша оқытуды қаржыландыру мүмкіндігін ғана қалдыру ұсынылады.

      Негіздеме «Құқықтық актілер туралы» Заң талаптарына сүйенеді: «толық емес отбасылар» ұғымы заңнамада айқындалмаған, ал халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын адамдарды қаржыландыру уәкілетті органдардың қолданыстағы бірлескен бұйрықтарында қазірдің өзінде көзделген.

      5. Бұрын жасалған келісімшарттарға қолдану

      Біздің пікірімізше, ең сезімтал блок Жер қойнауы туралы кодекстің 277-бабының 14-тармағына енгізілетін түзетулерде қамтылған. Бұл норма 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының қандай ережелері Жер қойнауы туралы кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға қолданылуын жалғастыратынын айқындайды.

      Заң жобасы мұндай келісімшарттарға қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландырудың жаңа тәртібін де, цифрландыру жобаларын қаржыландырудың жаңа тетігін де таратуды ұсынады.

      Бұл ретте әзірлеушілер жүктеменің ұлғаюына жол бермеуге тырысқан: түзетулерде есептеу базасының сақталатыны тікелей көрсетіледі, ал Үкімет редакциясында қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына тиісті ережелер міндеттемелерді есептеу базасын өзгертпей, тек қаржыландыру тәртібі бөлігінде қолданылатыны нақтыланады.

      Салыстырмалы кестенің тиісті позициясының негіздемесінде әзірлеушілер жаңа тетікте көзделген және бұрын жасалған келісімшарттарға қолданылатын «0,5-ке 0,5» үлестіру туралы айтады.

      Алайда мұндай пропорция түзетулердің депутаттық та, үкіметтік те редакциясында жоқ. Үкімет тұжырымы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыруға көзделген сомадан цифрландыру жобалары да қаржыландырылатынын көрсетумен ғана шектеледі.

      Осыдан мынадай қорытынды шығады: цифрландыру қолданыстағы бір пайыздың шегінде қаржыландырылады, оның үстіне қосымша емес. Алайда ҒЗТКЖ мен цифрландыру арасындағы нақты арақатынас заңмен белгіленбейді және заңға тәуелді қағидалармен айқындалатын болады.

      Жоспарланып отырған өзгерістер оң әсер береді деп есептейміз, өйткені олар саладағы цифрлық жобаларды қаржыландыруды ынталандыруға бағытталуға тиіс. Бұл соңғы жылдары мемлекет үшін де, инвесторлар үшін де ең өзекті және стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр.

      Алайда негізгі идеядан да маңызды болуы мүмкін бірқатар нюанстар бойынша сұрақтар сақталуда. Атап айтқанда, заң жобасында Қорға аударылған тиісті қаражатты пайдалану тәртібі белгіленбеген.

      Біздің ойымызша, заңға тәуелді актілер мен Қор қағидалары жер қойнауын пайдаланушылардың өз қызметін және кен орындарын цифрландыру жобаларын қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Осы материал Заң жобасына салыстырмалы кесте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің қолданыстағы редакциясы негізінде дайындалды.

      Материал ақпараттық сипатта, заң консультациясы болып табылмайды және нақты мән-жайларды талдамай шешім қабылдауға негіз бола алмайды.

      Тізімге оралу
      • Жаңалықтар мен жобалар 2
      • Іс-шаралар 7
      • Жарияланымдар 1
      • Алерт 9
      +7 727 352 80 83
      +7 727 352 80 83
      E-mail
      info@salus.law
      Мекен-жайымыз
      050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к-сі 276 В
      Жұмыс уақыты
      Дүй. - Жұма.: 9: 00-дан 18:00-ға дейін
      Қоңырауға тапсырыс беру
      info@salus.law
      050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жароков к-сі 276 В
      © 2026 SALUS LEGAL
      Құпиялылық саясаты